Алматы қаласы Білім басқармасының
«№1 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 303-20-03
Бухгалтерия:
+7(727) 303-20-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұғыры биік Тәуелсіздік!
26
сәуір
2021

Тұғыры биік Тәуелсіздік!

Тұғыры биік Тәуелсіздік!
7-8 сыныптар аралығындағы тәрбие сағаты
I жүргізуші: Армысыздар құрметті әріптестер мен оқушылар! Әлемдік саясат аренасында Қазақстан Республикасы өз алдына үлкен Мемлекет болып, тәй-тәй басқанына 30жыл толыпты. Ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды белеске көтерген Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты ашық сабағымызды бастаймыз.
II жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
III жүргізуші «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»
(Н.Назарбаев) деген екен...
Ал, ендеше «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді...» атты бейнеролигімізді тамашалаңыздар.


I жүргізуші                           1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Себебі: 1. Халық шаруашылығының тоқырауы 2.Қазақ тілінің жағдайы

3.Семей полигонындағы  жарылыстар 4.КОКП V пленумы. 5.Д.Қонаевтың кетуі, 6.Г.Колбиннің билік басына келуі.

Сипаты: “Қазақ ұлтшылдығы” айдарын таққан М.Соломонцев болды.1990 жылдың 

21 мамырында КОКП ОК “Қазақ ұлтшылдығы”  айдарынан бас тартты. “Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсанның 17-18-гі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы” Н.Ә.Назарбаев Алматы. 1991 жыл. 12 желтоқсан 

Алдарыңызда көріп тұрғандарыңыздай Қайрат Рысқұлбеков, Сабина Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев.

Тарихи маңызы: 

Қозғалысты басу үшін “Метель - 1986” атты оперативті жоспар. 3200 адам.

11 өрт сөндіруші. 15 БТР қатысытырылды. 1.Ұлттың өзін - өзі тану сенімінің  оянуы

Одақтас республикалардың егемендігіне сипаттама берді. Социалистік құрылыстың күйреуі.


II жүргізуші:  1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. 


III жүргізушіҚазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. 






Құрметті қонақтар келесі «Гүлденген Қазақстан» атты бейнеролигімізді тамашалыңыздар.

«Тапқыр» қорытынды ойынымызда бастайық. Оқушылар ұяшық сандарды таңдай отырып сұрақтарға жауап береді.

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні? 
  • Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
  • Тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті? 
  • Желтоқсан оқиғасының қаһармандары кімдер? 
  • Соңғы Президент сайлауы қай жылы өтті?
  • Мемлекеттік Рәміздер қашан бекітілді?
  • Әнұранның авторлары кімдер?
  • Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды? 
  • Елтаңбаның авторлары кімдер? 
  • Сонымен қоса, Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырады. 
  • Бүгінгі ашық сабағымызды тұңғыш Елбасымыздың сөзімін аяқтағымыз келіп тұр. Кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: